«UD Capital» АҚ сервистеріне қатысты құпиялылық саясат

Осы құпиялылық саясаты (әрі қарай – Саясат) Қазақстан Республикасының заңнамасына және «UD Capital»  акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Компания) ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді және Пайдаланушы Компанияның Сервистерін пайдаланған кезде Пайдаланушы туралы Компания  алатын дербес деректерді және өзге де ақпаратты пайдалану  ақпаратын өңдеу және қорғау тәртібін анықтайды.

  • Терминдердің анықтамалары:

Осы Құпиялылық саясатында келесі терминдер пайдаланылады:

  • «Компанияның сервистері» — Компания сервистерін пайдаланушыларға брокерлік қызмет көрсетуге жасалаған шарт аясында, сонымен қатар ондай шарт жасаспастан Компаниямен өзара әрекет жасауға, және Пайдаланушылар мен осындай серіктестер арасында жасалған шарттар аясында Компания серіктестерімен өзара іс қимыл жасауға,  оның ішінде ақпарат алмасумен және Интернет желісі немесе мобильді құрылғылардың (смартфон, планшет және т.б.) арнайы қосымшасы арқылы, сондай-ақ мобильді құрылғыларды пайдаланушыларға  Интернет желісінің көмегімен ақшалай аударымдар жасауға мүмкіндік беретін электрондық төлемдер жүйесі арқылы жекелеген операциялар жасауға мүмкіндік беретін мобильді қосымшалар, веб-интерфейс, корпоративтік сайт. Компания сервистеріне Компанияның өз сервистері де, және Компания Акционері ұсынатын Сервистер де жатады.
  • «Пайдаланушы» — Интернет желісі арқылы Компанияның Сервистеріне қол жеткізе алатын және Компанияның сервистерін пайдаланатын тұлға.
  • «Персоналды деректер» — белгілі бір субъектіге немесе олардың негізінде анықталатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышқа салынған  мәліметтер.
  • «Дербес директер жинау» — дербес деректерді алуға бағытталған іс-қимылдар.
  • «Дербес деректерді өңдеу» — жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды, пайдалануды, беруді (таратуды, беруді, қол жеткізуді), тұлғасыздандыруды, бұғаттауды,  кетіруді, дербес деректерді жоюды қоса алғанда, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе дербес деректермен мұндай құралдарды пайдаланбай жасалатын кез келген іс-әрекет (операция) немесе іс-әрекеттер (операциялар) жиынтығы, дербес деректерді жою, жою.
  • «Дербес деректердің құпиялылығы» — Компанияның немесе дербес деректерге қол жеткізген өзге тұлғаның сақтауы үшін міндетті дербес деректер субъектісінің келісімінсіз немесе өзге де заңды негіздемесіз олардың таралуына жол бермеу туралы талап.
  • «Пайдаланушы ақпараты» — есептік жазба жасағанда, тіркегенде Компания Сервистерін пайдаланғанда Пайдаланушы Компанияға өзі беретін  дербес ақпарат, сондай-ақ Компания Сервистерін пайдалану процесінде автоматты түрде берілетін деректер.
  • Осы саясаттың мақсаты Пайдаланушылар туралы ақпаратты, оның ішінде олардың дербес деректерін рұқсатсыз кіруден және жария етуден тиісінше қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын сақтау болып табылады.
  • Осы Құпиялылық саясаты аясында өңдеуге рұқсат етілген дербес деректерді Пайдаланушы мобильді қосымшада тіркеу формасын  толтыру жолымен ұсынады және онда келесі ақпарат көрсетіледі: 
  • Пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  • Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі — ЖСН);
  • Пайдаланушының байланыс телефоны;
  • Пайдаланушының электрондық поштасының (e-mail) мекен-жайы;
  • Пайдаланушы туралы жоғарыда айтылмаған кез келген өзге дербес ақпарат.
  • Компания Сервистерін пайдалану Пайдаланушының осы Саясатқа және онда көрсетілген Пайдаланушы құрылғысынан алынған ақпаратты өңдеу шарттарына сөзсіз келісуін білдіреді. Егер мұндай беру Пайдаланушы Компания Сервистерінен сілтемелер бойынша өтуі мүмкін үшінші тараптың ресурсында орындалған жағдайда, Компания Пайдаланушы үшінші тарапқа берген ақпаратты (оны беру салдарын) бақыламайды және ол үшін жауапты болмайды.

Компанияның Қосымшасына орналастырылған берілген, пайдаланылған Компания Пайдаланушысы контентінің мазмұнын Компания бақыламайды және Пайдаланушы Компания Қосышасына орналастырған мұндай контентті және/немесе өзге ақпаратты беруді бастамаламайды және олар үшін жауап бермейді.

Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы Саясатқа сәйкес Компания Пайдаланушының жеке деректерін келесі мақсаттар үшін өңдейді:

  • Пайдаланушыға Компания Сервистеріне кіруге рұқсат беру;
  • Пайдаланушы берген дербес деректердің шынайылығы мен толықтығын растау;
  • Пайдаланушыға Компания көрсететін қызметтер туралы ақпаратты, арнайы ұсыныстарды және Компания атынан өзге де мәліметтерді беру;
  • маркетингтік және өзге де зерттеулер жүргізу, оның ішінде басқа сарапшылардың (үшінші тұлғалардың) көмегімен.
  • Бұдан өзге, осы Саясат аясында Компания Компания сервистерін жақсарту мақсатында Компания сервистері аясында Компания Сервистері мен қызметтерін Пайдаланушының пайдалануы туралы тұлғасыздандырылған статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу үшін қосымша бағдарламалық құралдарды пайдалануға құқылы.
  • Пайдаланушылардың ақпаратын пайдаланғанда Компания осы Құпиялылық саясатын, сондай-ақ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»  Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын басшылыққа алады. Осы Құпиялылық саясаты солардың нормаларына сәйкес әзірленген.
  • Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу мерзімді  шектеусіз, кез келген заңды тәсілмен, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе ондай құралдарды пайдаланбастан дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылады.

Пайдаланушының Ақпаратын пайдалану талаптары. Компания Пайдаланушы Ақпаратын үшінші тұлғалардың заңсыз кіруінен, пайдалануынан, көшіруінен және таратуынан қорғау үшін Компанияның қолынан келетін  барлық ұйымдастыру және техникалық шараларды қабылдайды.

  • Осы Саясатта мазмұндалған мақсаттар үшін Компания Пайдаланушының тұлғасыздандырылған  статистикалық ақпаратын өңдеуге Компаниямен құпиялылық туралы тиісті келісімдер жасалған серіктестерді жұмылдыра  алады. Компания Сервистерінің жұмысын жақсарту мақсатында Компания Сервистерін пайдалану туралы тұлғасыздандырылған деректерді серіктестерге беру серіктестермен жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады. Компания Компания сервистерімен жұмыс істеу үшін қажетті Пайдаланушы  Ақпаратының тұлғасыздандырылған деректерінің бүкіл  көлемін жинауды және өңдеуді жүзеге асырады. 

Пайдаланушының ақпараты Компания сервистерімен қоса, Компания мен Пайдаланушы арасындағы шарттық қатынастардың қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ мұндай шарттарды бұзғаннан соң  5 жыл бойы сақталады. Пайдаланушының ақпараты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.

  • Пайдаланушы келесілерді растайды:
  • өзі туралы  шынайы ақпаратты көрсеткенін, барлық қалған ақпаратты Пайдаланушы өз қалауы, өзінің толық мақұлдауы мен келісімі  бойынша бергенін; 
  • осы Саясаттың шарттарымен танысып, оған келісімін білдіретінін;
  • Компанияның корпоративтік сайттарын және мобильді қосымшаларын пайдалануды жалғастыра отырып, дербес деректерді жинауға, өңдеуге өз келісімін беретінін;
  • Электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен және/немесе биометриялық және/немесе динамикалық сәйкестендіру құралдарын пайдалан отырып қол қоя отырып, Пайдаланушы дербес деректерін жинауға, өңдеуге өз келісімін береді.
  • Компания Компанияның корпоративтік сайтында және/немесе мобильді қосымшада Саясаттың жаңа редакциясын орналастыру жолымен осы Саясатқа өзгерістер енгізуге құқылы. Саясаттың өзекті редакциясымен өз бетінше танысу міндеті Пайдаланушыға жүктеледі. Саясаттың жаңа редакциясы ол жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
  • Саясатпен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Компания Сервистерін пайдаланудан тоқталуы тиіс. Осы Саясат тек Компания Сервистеріне қолданылады.