Хабарлама

«UD Capital» АҚ компаниясы қаржы нарығында тұтынушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға ұмтылады және осы мақсатта ұсынылатын қызметтердің ауқымын үнемі кеңейтіп отырады.

Осы стратегияның шеңберінде компания Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген ұлттық және шетел валютасындағы банк операцияларын жүргізуге: қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары  2024 жылғы 21 мамырдағы № 3.4.2 лицензиясын алғанын хабарлайды.