Қаржылық сауаттылық — қауіпсіз болашақтың негізі

2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде қаржылық сауаттылықты арттыру аясында жасөспірімдердің қаржылық алаяқтыққа қарсы дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Qarzhy Saqshysy» білім беру компьютерлік ойыны өткізілді.
Жобаға 10–11 сынып оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттері қатарынан 800 мыңнан аса жас қатысты. Қаржылық сауаттылықты дамыту шеңберінде қатысушылар интерактивті форматта қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерімен танысып, қаржылық қауіпсіздік, цифрлық гигиена және жауапты қаржылық мінез-құлықтың негізгі қағидаларын меңгерді.
Аталған бастама қаржылық сауаттылықты жас кезден бастап қалыптастырудың маңыздылығын көрсетті. Қаржыны тиімді басқару, тәуекелдерді уақтылы тану және саналы қаржылық шешім қабылдау — бүгінгі қоғамда әрбір азамат үшін қажет базалық дағдылар.
Ойын қорытындысы бойынша аудандық, қалалық және өңірлік деңгейдегі жеңімпаздар анықталып, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
UD Capital үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға, қаржылық мәдениетті дамытуға және қаржы жүйесіне деген сенімді нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдау — ұзақ мерзімді миссиямыздың ажырамас бөлігі. Біз жас ұрпақтың қаржылық білімін арттыруға бағытталған осындай маңызды жобаларды қолдауға дайынбыз.
Осы қаржылық сауаттылықты дамытуға бағытталған білім беру жобасын іске асырғаны үшін Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, AML Academy-ге, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне, сондай-ақ жобаға белсенді қатысқан барлық ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз.
