«UDC Progress» АИПҚ инвестициялық мақсаты -портфель тәуекелінің ақылға қонымды деңгейінде қаржы құралдарына инвестициялау есебінен барынша табыстылық алу.
Қор өз жинақтарының долларлық инфляция деңгейінен асатын қарқынмен өсуін қамтамасыз етуге ұмтылатын инвесторларға бағытталған. «UDC Progress» АИПҚ активтері негізінен инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингі бар жоғары сапалы бағалы қағаздардан (S&P Global Ratings, Moody's Investors Service немесе Fitch Ratings шкаласы бойынша BBB-ден төмен емес) қалыптастырылған.