Артқа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025

жылғы 23 желтоқсандағы № 79 қаулысымен енгізілген ерекше реттеу режиміне қатысушы

ретінде «UD Capital» АҚ-ның бағалы қағаздар нарығындағы қызметі туралы ақпарат

 

Құрметті инвесторлар/клиенттер!

«UD Capital» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Басқармасының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 79 қаулысымен (бұдан әрі – № 79 Қаулы)

енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде Брокер ретінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметін

бастағаны туралы хабарлайды.

Сонымен қатар, «UD Capital» АҚ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы

құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтынын криптографиялық құралдарды және

(немесе) компьютерлік есептеулерді қолдана отырып, орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде

жасалатын және есепке алынатын шамалардың құнына (құнының өзгеруіне) тәуелді болатын

цифрлық активтерге (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге) арналған ETF-пен (Exchange

Traded Funds) мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елеулі тәуекелдер

туралы хабарлайды.

Көрсетілген тәуекелдер келесіні қамтиды (шектелмейтін):

  • активтің құбылмалылық тәуекелі;
  • реттеушілік тәуекелдер;
  • қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылға байланысты тәуекелдер;
  • операциялық тәуекелдер;
  • нарықтық тәуекелдер.

Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ерекше реттеу режимі

шеңберінде айналысқа жіберілген нақты қаржы құралы бойынша мәмілелер мен операцияларды

жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер туралы толық ақпарат алу үшін эмитенттің және (немесе)

негізгі листинг биржасының сайтында жарияланған оның проспектісімен танысуыңызды сұраймыз.

«UD Capital» АҚ-ның ерекше реттеу режимі шеңберіндегі қызметін жүзеге асыру шарты № 79

Қаулымен белгіленген цифрлық активтерге арналған ETF-тердің қор нарығындағы айналысының

арнайы талаптарын сақтауды қамтиды.

«UD Capital» АҚ клиенттерінің – білікті инвесторлардың қызметін жүзеге асыру тәртібі, құны

(мөлшермелері мен тарифтері), сондай-ақ «UD Capital» АҚ-ның ішкі құжаттарының мазмұны, оның

ішінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген

құжаттар, өзгеріссіз қалады (№ 79 Қаулымен белгіленген арнайы талаптарды ескере отырып).

«UD Capital» АҚ-ның орналасқан жері, пошталық және электрондық мекенжайлары, интернет-

ресурсы және байланыс телефондары (+7 (727) 346 62 30) туралы ақпарат келесі сілтеме бойынша

қолжетімді: www.udcapital.kz

2026 жылғы 12 маусым