«UD Capital» АҚ екі валюталық пайлық инвестициялық қордың құрылғаны және пайлардың бастапқы орналастыру кезеңінің басталғаны туралы хабарлайды.
«UDC Safe+» интервалды инвестициялық пай қоры өз жинақтары үшін сенімділік пен қауіпсіздікті және сонымен бірге банктік депозиттерге қарағанда жоғары кірістілікті қалайтын инвесторларға арналған. Қордың АҚШ долларындағы нысаналы кірістілігі-жылдық 5%. Қордың пайларына кірудің ең төменгі сомасы 50 000 АҚШ долларын құрайды.
«UDC Progress» инвестициялық қоры өз жинақтарын көбейтуді қалайтын инвесторларға ұсынылады. Қордың АҚШ долларындағы нысаналы кірістілігі-жылдық 10%. Қордың пайларына кірудің ең төменгі сомасы 10 000 АҚШ долларын құрайды.
Қорлар туралы толық ақпаратты пай қорларының ережелерінен білуге болады.