«UD Capital» АҚ «UDC Safe+» аралық инвестициялық пай қорының (бұдан әрі – Қор) басқарушы компаниясы бола отырып, «инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарын орындау үшін пай ұстаушылардың, және басқа да мүдделі тұлғалардың назарына Қордың қызмет етуінің тоқтатылуы туралы, Қордың пайларымен мәмілелерді тіркеуді тоқтату туралы, сондай-ақ көрсетілген рәсімді жүргізудің шарттары мен тәртібі туралы Қордың активтерімен орындалмаған мәмілелерде Қордың кредиторлары мен тараптарының қатысуымен жүзеге асырылады.
Қордың жұмыс істеуін тоқтату үшін негіздердің басталуына байланысты (Заңның 35 бабының 1 тармағының 3) тармқшасына сәйкес) 2024 жылғы 01 қазанында Басқарушы компанияның Директорлар кеңесі (№10-01/2024 хаттама) Қордың қызметін келесі шарттармен және тәртіппен тоқтату туралы шешім қабылдады:
— пай ұстаушыларға, уәкiлеттi органға, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ұйымдарға қоp кредиторларына және қор активтерiмен жасалған мәмiлелерi орындалмаған тараптарға инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатқаны, осы рәсiмдi жүргiзу шарттары мен тәртібі туралы хабарлама жеткізеді;
— пай ұстаушылар тiзiлiміндегі мәмiлелердi тiркеудiң тоқтатылған күнiн көрсете отырып, осы қордың пай ұстаушылар тiзiлiміндегі есептiк шоттар бойынша операцияларды тоқтату үшiн орталық депозитарийге талап жiбереді.