Өз клиенттерін бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға байланысты негізгі тәуекелдер туралы хабардар ету мақсатында «UD Capital» АҚ (бұдан әрі – Компания) танысу үшін осы Декларацияны ұсынады.
Осы Декларация онда туындайтын жағдайлардың әр қилы түрлілігіне байланысты бағалы қағаздар нарығындағы барлық ықтимал тәуекелдерді ашпайтынына назар аударамыз. Компания Қазақстанның қор нарығында және халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында бағалы қағаздармен сауда жасағанда пайда алатыныңызға немесе шығындардың алдын алуға ешқандай кепілдік бермейді.
Тәуекел әр түрлі факторлардың ықтимал жағымсыз әсеріне байланысты қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде шығын (күтілетін табысты алмау және/немесе инвестицияланған қаражаттың бір бөлігін немесе бүкіл сомасын жоғалту) ықтималдығын білдіреді. Кез келген инвестицияларға немесе операцияларға нарыққа, эмитентке және/немесе тиісті базалық активке қарамастан тәуекелдер ілесе жүреді.
Клиент бағалы қағаздармен сауда-саттыққа тән тәуекелдерді біледі және оның осы тәуекелдерді көтеруге және кез-келген ықтимал шығындарды көтеруге қаржылық мүмкіндігі бар.
Компания олардың Компанияға, борокерлерге, Клиенттерге, кез келген биржаға немесе кез келген есеп айырысу депозитарийне немесе клиринг жүйесіне тиесілілігіне қарамастан кез келген деректер беру жүйесінің, байланыс жүйесінің, компьютерлік жабдықтың неесе сауда бағдарламалық жасақтамасының жұмысындағы бұзылудан немесе тоқтап қалудан туындаған кез келген наразылықтар, залалдар, шығындар немесе шығыстар үшін, үшінші тұлғалардың кез келген кемшіліктері және немесе Компания бақылауынан тыс кез келген әрекет немесе оқиға үшін өтемақы төлеуге жауапты емес.
Компания клиенттің шотына қатысты интернет-қауіпсіздіктің бұзылғаны үшін жауап бермейді.
Клиенттің барлық комиссияларды, алымдарды және өзі төлеуге тиісті басқа төлемдерді өзінің түсінетініне көз жеткізуі тиіс. Егер қандай да бір алымдар комиссия шарттарында көрсетілмесе, Клиент Компаниядан түсінікті жазбаша түсініктеме ала алады, оның ішінде мұндай алымдардың ақшалай түрде қанша болатынын анықтау үшін тиісті үлгілермен қоса.
Клиент Компанияның өз атынан Клиенттің мүддесінде қызмет ететінін, және мұндай әрекеттер нәтижесінде Клиент өз мойнына алатын тәуекелдердің, оның ішінде үшінші тұлғалардың Компания алдындағы міндеттемесін орындамау неме тиісінше орындамау тәукелін Клиенттің тікелей өзі көтеретінін түсінеді және қабылдайды. Компания тәуекелдерді басқару және оларды қолынан келгенше төмендету үшін барлық ықтимал күшін салады.
Клиенттің барлық шоттары басқа Клиенттердің шоттарынан және Компанияның жеке шоттарынан бөлінген. Клиенттер Компанияның белгіленген тәртібінде берілген кез келген және барлық бұйрықтар, клиенттік тапсырыстар, өтінімдер және кез келген басқа нұсқаулар үшін жалғыз жауап береді және олар берген барлық бұйрықтар сұралмайтынын және өздерінің инвестициялық шешімдеріне немесе олардың тиісті уәкілетті өкілінің инвестициялық шешімдеріне негізделгенін түсінеді.
Компания берген кез-келген ақпараттың, зерттеулердің немесе есептердің мазмұны анық немесе болжамды пайда уәдесі, стратегиялардан пайда алу кепілдігі немесе онымен байланысты шығындар болуы немесе шектелуі мүмкін деп түсіндірілмеуі тиіс.
Зерттеу материалдары немесе ұқсас ақпарат веб-сайттарда қол жетімді болған жағдайда, бұл материалдар тек ақпараттық және білім беру мақсаттарын көхздейді және бағалы қағаздармен қандай да бір мәмілелер жасауға немесе қандай да бір инвестициялық стратегияларға қатысу туралы ұсыныс болып табылмайды.
Клиент жеке кабинетке, электрондық поштаға және электрондық цифрлық қолтаңбаға (брокерлік шарт аясында қызметтерді алу үшін соңғыларды пайдаланған жағдайда) қол жеткізу үшін жеке өзі жауапты болады.
Компания Клиентке тиісті операцияларды жүргізгенде туындайтын тәуекелдер Клиент үшін олардың инвестициялық мақсаттары мен қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, қолайлы немесе қолайсыз болып табылатынын мұқият қараруды ұсынады.
Бұл ретте, жоғарыда аталған ақпарат Клиентті мұндай операцияларды жүзеге асырудан бас тартуға мәжбүрлеу мақсатын көздемейді, Клиентке олардың тәуекелдерін бағалауға және инвестициялық стратегияны таңдау туралы шешімге жауапкершілікпен қарауға көмектесуге арналған. Компания клиенттердің мүдделерін қорғау үшін барлық қолынан келетін күш-жігерін жұмсайды.
Бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға байланысты негізгі тәуекелдер төменде көрсетілген.
Жүйелік тәуекел бірнеше қаржы институттарына қатысы бар және олардың функцияларын орындау қабілеті төмендегенде байқалады. Қаржы институттарының өзара әрекеттесуі мен өзара тәуелділігінің үлкен дәрежесіне байланысты жүйелік тәуекелді бағалау күрделі болып келеді, бірақ оны жүзеге асыру қаржы нарығының барлық қатысушыларына әсер етуі мүмін.
Нарықтық тәуекел Сізге тиесілі қаржы құралдарының бағасының (құнының) қолайсыз өзгеруінен байқалады, оның ішінде саяси ахуалдың жағымсыз өзгерісінен, ұлттық валютаның күрт девальвациясынан, мемлекеттік борыштық міндеттемелер нарығының дағдарысынан, банкілік және валюталық дағдарыстан, еңсерілмейтін күш мән-жайларынан, негізінен стихиялық және әскери сипаттағы мән-жайлардан байқалады, және соның салдарынан кіріс төмендейді немесе тіпті шығындарға алып келеді. Таңдалған стратегияға байланысты нарықтық (баға) тәуекел қаржы құралдарының бағасының өсуінен (төмендеуінен) құралады. Сіздің өзіңізге тиесілі қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін екенін және оның өткендегі өсуі оның болашақта өсуін білдірмейтінін түсінуіңіз қажет.
Сондай-ақ, келесі нарықтық тәуекелдерге назар аудару қажет:
Валюталық тәуекел бұл рубль бағамының шетел валютасына қатысты қолайсыз өзгеруінен байқалады, онда қаржы құралдарына иелік етуден түскен Сіздің табыстарыңыз инфляциялық әсерге ұшырауы мүмкін (нақты сатып алу қабілетінің төмендеуі), соның салдарынан Сіз табыстың бір бөлігін жоғалтып, сонымен қатар шығынға да ұшырауыңыз мүмкін. Валюталық тәуекел сонымен қатар шетел валютасына немесе шетелдік қаржы құралдарына байланысты қаржы құралдары бойынша міндеттемелер мөлшерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін, мұның шығындарға немесе оларды есептеу мүмкіндігінің қиындауына әкелуі мүмкін.
Пайыздық тәуекел тыянақты табысы бар облигациялардың бағамдық құнына әсер ететін пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруінен байқалады. Пайыздық тәуекел талаптар мен міндеттемелерді талап ету (өтеу) мерзімдерінің сәйкес келмеуінен, сондай-ақ талаптар мен міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру дәрежесінің тең дәрежеде болмауынан туындауы мүмкін.
Акция эмитентінің банкроттық тәуекелі бұл дәрменсіз деп танылған акционерлік қоғам акциялары бағасының күрт төмендеуінен немесе осындай дәрменсіздікті болжай білуден байқалады. Нарықтық тәуекелді азайту үшін Сіздің портфельді әртараптандыруға мұқият болуыңыз қажет. Сондай-ақ, қаржы құралдарына иелік ету және операциялар байланысты болатын шығындарды бағалау үшін менеджермен өзара әрекеттесу шарттарын мұқият қарап шығыңыз және олардың сіз үшін қолайлы екеніне және сізді өзіңіз күткен табыстан айырмайтынына көз жеткізіңіз.
Өтімділік тәуекелі оларға сұраныстың төмендеуіне байланысты қаржы құралдарын қажетті бағамен жүзеге асыру мүмкіндігінің төмендеуінен байқалады. Бұл тәуекел, атап айтқанда, қаржы құралдарын тез сату қажет болған жағдайда, олардың құнының айтарлықтай төмендеуіне байланысты шығындардан байқалуы мүмкін.
Кредиттік тәуекел бұл Сіздің операцияларыңызға байланысты басқа адамдар қабылдаған келісімшарттық және басқа міндеттемелерді орындамау мүмкіндігінен туындайтын тәуекел. Кредиттік тәуекелдерге келесі тәуекелдер жатады:
Облигациялар және өзге де борыштық бағалы қағаздар бойынша дефолт тәуекелі қарыздық бағалы қағаздар эмитентінің төлем қабілетсіздігі ықтималдығында жатыр, бұл оны мерзімінде және толық көлемде өтеу мүмкін еместігіне немесе ықтималдығының төмендеуіне әкеп соғады.
Контрагенттің тәуекелі контрагенттер тарапынан Сіздің немесе Компанияның алдындағы міндеттемелерін орындамау тәуекелінен байқалады. Контрагенттің тәуекелі міндеттемелерді орындамау тәуекелдерін өзіне өз мойнына алатын клирингтік ұйымдардың қатысуынсыз, ұйымдастырылмаған нарықта жасалатын операцияларды жасау кезінде әсіресе жоғары болады.
Құқықтық тәуекел заңнаманы немесе нормативтік актілерді, бағалы қағаздар нарығын немесе сіз үшін жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін экономиканың басқа салаларын реттейтін өзін-өзі реттейтін ұйымдардың стандарттарын бекітудің ықтимал теріс салдарымен байланысты. Құқықтық тәуекелге сонымен қатар салықты, салық ставкаларын есептеу ережелерін өзгерту және салық шегерімдерін алып тастау және сіз үшін жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін салық заңнамасындағы басқа өзгерістер жатады.
Операциялық тәуекел дегеніміз Компанияның ішкі процедураларын бұзу, оның қызметкерлерінің қателіктері мен лайықсыз әрекеттері, Компанияның, оның серіктестерінің, инфрақұрылымдық ұйымдардың техникалық құралдарының, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, клирингтік ұйымдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың жұмысындағы жаңылыстар нәтижесінде сізге зиян келтіру ықтималдығы. Операциялық тәуекел операцияларды болдырмауы немесе қиындатуы мүмкін және нәтижесінде шығынға әкелуі ықтимал.
Интернет-трейдингтегі тәуекелдер:
Клиент өтінімдерін сауда жүйелері арқылы берген кезде келесі тәуекелдер болады:
• жоғары интернет-трафик кезінде жүйенің өткізу қабілеттілігінің шектеулеріне байланысты клиенттің есептік жазбасының деректеріне қол жеткізуде кідірістер туындауы мүмкін;
• жүйенің жауап беру жылдамдығына нарықтың құбылмалылық жағдайлары теріс әсер етуі мүмкін;
• электр қуатының жаңылысы бағдарламалық жаңылула немесе жоғары сауда белсенділігі нәтижесінде жүйенің жұмысының бұзылуы және/немесе кешігуі;
• құбылмалылықтың жоғарылауы кезеңінде (бұл бағаның өзгергіштік тенденциясын сипаттайтын статистикалық көрсеткіш) сатып алу немесе сату өтінімін оналастыру мүмкін еместігі немесе оны уақтылы бермеу мәселесі туындауы ықтимал.
• жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуі, бағдарламалық жасақтаманың жұмысындағы жаңылыс, байланыс, энергиямен жабдықтау проблемасы, техникалық сипаттағы өзге де себептер, соның нәтижесінде тапсырманы беру белгілі бір уақыт сәтінде мүмкін болмауы ықтимал, немесе Клиенттің тапсырмасы Клиенттің нұсқауларына сәйкес орындалмауы (ішінара немесе толық) немесе орындалмауы мүмкін;
• котировкалардың кешігуі, жүйенің өнімділігінің төмендеуі, сондай-ақ компьютерлік жүйеге және интернет-провайдерге тәуелді және Компанияның бақылауынан тыс басқа факторлар;
• Клиенттің клиенттік тапсырма беру кезінде кездейсоқ қателіктер жіберуі (Клиенттің тапсырманы оның шынайы көзегеніне сәйкес бермеуі), оның ішінде Клиенттің Ақпараттық сауда жүйесін пайдалану тәртібін жеткіліксіз білуі және/немесе практикалық дағдыларының жеткіліксіздігі себебінен;
• үшінші тұлғалардың Клиенттің жұмыс орнына рұқсатсыз кіруі, Клиенттің жұмыс орнында негізгі тасымалдағышты және/немесе парольді, Клиенттің өзге де құпия деректерін пайдалана отырып, оған өкілеттігі жоқ тұлғаның іс-әрекеттер жасауы;
• басқа тәуекелдер.
Клиенттің инвестициялық қызметтің тәуекелдерімен танысуын растауы Клиенттің брокерлік қызмет және номиналды ұстау қызметтерін көрсету туралы тиісті шартқа және осы тәуекелдер туралы Декларацияға қол қоюы болып табылады.
Осымен Клиент шартқа қол қою процесінде клиентке берілген бағалы қағаздар нарығында операцияларды жасуға байланысты Тәуекелдер туралы декларацияда Компания мазмұндаған ақпаратпен танысқанына және түсінгеніне келісімін. Бұл ақпарат сонымен қатар Компанияның ресми www.udcapital.kz сайтында қол жетімді.