«UD Capital» АҚ еншілес ұйымының АХҚО-да тіркелгенін және лицензияға ие болуын хабарлайды

Хабарлама

UD Capital қаржы нарығында клиенттердің қажеттіліктерін барынша арттыруға мүдделі және осы мақсаттарда ұсынылатын қызметтердің ауқымын кеңейту бойынша үнемі жұмыс істеуде. Осы стратегия аясында компания Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) еншілес ұйымын – UD Capital Astana Ltd. жеке компаниясын тіркеді, ол реттеушіден АХҚО-да жұмыс істеуге лицензия алды.
UD Capital өз клиенттерінің инвестициялық мүмкіндіктерін еншілес ұйымының АХҚО ұсынатын мүмкіндіктерге қол жеткізу арқылы айтарлықтай кеңейтті.
Біз клиенттеріміздің жайлылығына назар аудара отырып, табысы мен өркендеуіне қолдау көрсетуді жалғастырамыз.
Сеніміңізге алғыс білдіреміз және дамуымыздың осы жаңа кезеңінде табысты ынтымақтастықты асыға күтеміз.

Leave a Reply